Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда сәлафилік бағыттағы ұлттық қыздар мектебі ашылған: Білім ордасының басшылығы ақпаратты жоққа шығарды

Атырауда жеке "ұлттық қыздар мектебінің" басшылығы аталған оқу орнына қатысты жанжалдарға түсініктеме берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

кыздар мектеби

Әлеуметтік желілерде Атырауда жеке "салафиттік қыздар мектебі" заңсыз ашылды деген ақпарат қызу талқыланған еді. Бір тарап мұндай бағыттағы мектептерді сынаса, арасында қолдаушылар да табылды.

Б.Майлин көшесінде орналасқан екі қабатты мектеп 350 қызға есептелген. Онда балалар 1-ден 4 сыныпқа дейін оқиды. Қазіргі уақытта мектепте 116 қыз білім алуда. Оларға 15 мұғалім сабақ береді.

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік желілердегі ақпараттарды жоққа шығарды.

“Нұргүл Мұқашева атты блогер мектепті сыртынан бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Жалған ақпарат қазақстандық БАҚ-тарда жаппай тарады. Әрине, мұның бәрі енді ашылған мектебіміздің беделіне теріс әсер етті", – дейді мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова.

Мектеп басшысы оқушылар діни отбасыдан шығып, хиджаб кисе де, мектеп қабырғасында мектеп формасын қатаң сақтайтынын атап өтті.

Ата-аналардың пікірінше, қыздар мектебінде оқушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген және ұлттық құндылықтар өз деңгейінде дәріптеледі.

Қазіргі уақытта мектептің тиісті лицензиясы жоқ. Алайда Жолмұханова оны алты ай ішінде рәсімдеуге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы мектепте тексеріс жұмыстарын бастады. 

Естеріңізге салсақ, осыған дейін қоғам белсендісінің айтуынша, салафиттік бағыттағы қыздар мектебі ашылғаны жарияланған еді. 

Талқылау