Қазақстанда түрме қызметкерлері шатастырып басқа сотталушыны босатып жіберген
Фото: azh.kz
Атыраудағы тергеу изоляторының қызметкерлері қателесіп басқа сотталушыны босатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысындағы тергеу изоляторында мерзімі аяқталған тұтқынның орнына басқа адам бостандыққа шығарылған.
Дереккөздердің мәліметінше, бұған себеп адамдардың тегі бірдей болған. Бостандыққа шығару құжаттарын рәсімдеу кезінде оған басқа адамның деректері енгізілген. Құжаттарға абақтының бірнеше басшысы қол қойғаннан кейін "жолы болғыш" сотталушы изолятордан шыққан.
Қызметкерлер қатені анықтап, ер адам қайтадан изоляторға қайтарылды.
“Изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК келді”, – делінген ақпаратта.
ҚАЖД жағдайға қатысты ресми түсініктеме беруге уәде берді.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады