Тоңазытқыштағы сәби өлімі: перинаталдық орталықтың дәрігерлері жұмыстан шығу туралы арыздарын қайтарып алды
Атыраудағы перинаталдық орталықтың дәрігерлерге заң жүзінде көмек көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
"Жағдай осындай. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері белгілі жағдайдан кейін жұмыстан шығу туралы арызды қайтарып алды. Олар біз үшін бағалы кадрлар. Сондықтан "SENIM" атты кәсіби кеңестің облыстық филиалы олардан жұмыста қалуын сұрап. жан-жақты жұмыс істеуде. Нәтижесінде, перинаталдық орталықтың төрт қызметкері арызын қайтарып алды.
Қазір біз заң жүзінде көмек көрсетіп жатырмыз. Олар куәгерлер ретінде шақырылатын тергеу жұмыстарына адвокаттарымен бірге барады", — деп хабарлады "SENIM" атты денсаулық сақтау жүйесі кәсіби кеңесінің Атырауда орналасқан облыстық филиалының төрағасы Майра Қашкенова.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда тоңазытқышта тірідей көз жұмған сәбидің оқиғасынан кейін перинаталдық орталықтағы ахуал ушығып кеткен. Мұнда жұмыс істейтін 400-ге жуық ақ халаттылардың тең жартысы жұмыстан кетеміз деген еді.