Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы NCOC компаниясына рекордты 2,3 трлн теңге айыппұл салынды

NCOC компаниясыФото: ncoc.kz

Атырау облысы бойынша экология департаменті North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясына күкіртті шектен тыс орналастырғаны үшін рекордтық 2,3 триллион теңге және күкіртті газды апатты жаққаны үшін тағы 1,5 миллиард теңге айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл 2022 жылы экология департаментінің мамандары компания нысандарында профилактикалық тексеру жүргізген кезде басталған. Тексеру барысында табиғат қорғау заңнамасының көптеген бұзушылығы анықталып, олар бойынша бірнеше әкімшілік іс қозғалған.

Соның нәтижесінде NCOC-қа мынанша айыппұл салынды:

- күкіртті шектен тыс орналастырғаны үшін – 2 трлн 356 млрд 293 млн 268 мың теңге;

- реттелмейтін шығарындылар және күкіртті газды апатты жаққаны үшін – тағы 1 млрд 506 млн 914 мың теңге.

Жалпы айыппұл сомасы 2,3 трлн теңгеден асады.

Департамент қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 09:43
Талқылау