Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Атыраудағы наразылық: Полиция мен халықтың арасында қақтығыс болды

Бүгін Атырауда түскі уақыттан кейін  5 мыңнан астам тұрғын Исатай мен Иахамбет орталық алаңдарына жиналды. Олар жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп, "Баға арзандасын!" деп талап қоюда. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

митингггг

Полиция мен арнайы жасақ жолды жауып тастағанымен, шерушілер қоршауды бұзып өтті. Полиция наразылық білдірушілердің бірін ұстағаннан кейін наразы халық пен полиция арасында қақтығыс орын алды. Нәтижесінде автозакты тоқтатып, ішіндегі ұсталған азаматтарды босатып алды.

Қазіргі уақытта алаңда бірде-бір шенеунік жоқ. Полицияны жергілікті полиция қызметінің басшысы Әлібек Қайыров басқарады. Жиналған азаматтар азық-түлік пен жанар-жағармай бағасын төмендетуді талап етуде.



Полиция бірнеше негізгі көшелерді жауып қойғанына қарамастан, наразылық білдірушілер саны секунд сайын артып келеді.

Жаңаөзен мен Ақтаудағы жағдай

2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған  газдың бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халық түсіндірмеге қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.

Дидар Халық
Сейсенбі, 04 Қаңтар, 2022 16:55
Талқылау