Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы магнит жұтып, қайтыс болған баланың өлімі: Дәрігерлер амнистия бойынша түрмеден қашып құтылды

Атырауда облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне планшет магнитін жұтып, ауруханада қайтыс болған бір жасар баланың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

№2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі бойынша тергелді (медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы адам өліміне әкеп соғу).

Сот сол күні кезекшілікте болған хирург Тлеуғалиев, Зұлқашев, Адриов және педиатр Тажгалиева балаға тиісті медициналық көмек көрсетпегенін, сондықтан ол қайтыс болғанын анықтады. Сотталушылардың кінәсі баланың туыстары мен куәгерлерінің айғақтарымен, сондай-ақ, сараптама қорытындыларымен расталады.

Баланың әжесі Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған хатында дәрігерлер хирургиялық араласудан бас тартып, бөгде зат денеден табиғи жолмен шығады деп сендірген. Төрт сотталушының барлығы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Негізгі жазаға қосымша жаза тағайындалды: Зұлқашевке медициналық қызметпен айналысуға 3 жыл, қалғандарына 2 жылға тыйым салынды. Алайда олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау бойынша "Бас бостандығынан айыру” түріндегі жазадан босатылды, өйткені олардың іс-әрекеті онша ауыр емес қылмысқа жатады.

Еске салайық, 11 айлық нәресте 2019 жылдың желтоқсанында батарейка жұтып қайтыс болған еді.

 

Талқылау