Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Қазіргі уақытта Атыраудағы театрда жұмыс істеп жатқан комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр.

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, сахнаны, зал мен театрдың жабдығын от шалмаған.  Өрттен ғимараттың шатыры мен трансформаторға зиян келген. 

"Театралдық маусымда облыстың тұрғындары театрға келуге мүмкіндік алуы үшін, бұны неғұрлым тез істеуге тырысамыз",-деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Бұл қала тұрғындары үшін ауыр соққы болды. Сонымен қатар, адамдар бейжай қалмай, қолдан келер көмектерін көрсетуге тілек білдіргені қуантады. Көптеген бизнесмендер осы проблемадан тыс қалмай, театрды қалпына келтіруге көмектесуге ынталы екендерін білдірді. 

Шапкеновтің айтуынша, өрт болған сәттен бастап, көптеген бизнес өкілдері өрттен зардап шеккен Махамбет Өтемісов атындағы драма театрын қалпына келтіруде қалаға көмектесу жөнінде бастама көтерді. Бұл аталмыш нысанды толықтай жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы театрдың өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау