Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жеке үйдің ауласында 6 жасар қыз көз жұмды

Атырауда дәретханаға 6 жасар қыз құлап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 13 маусым күні кешке Қара депо қалалық округінде болды. Қыз кешкі сағат сегізде аулада ойнауға шықты. Шамамен екі сағаттан кейін оның денесі екі метр тереңдіктегі шұңқырдан шығарылды.

"Ешқашан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар", - деп ескертті құтқарушылар.

STAN.KZ
Жексенбі, 14 Маусым, 2020 10:32
Талқылау