Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеке үйлерді су басып кетті

Атырауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеке үйлерді су басты. Бұл туралы Бірінші учаскенің тұрғындары хабарлайды. Бірақ қала басшылығы Атырауда "жағдай тұрақты, су тасқыны жоқ" деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде қаладағы су тасқыны туралы хабарлап жатыр.

“Қайырлы таң! Біз тні бойы суды сорғызып шықтық. Бірақ судың азаяр түрі жоқ. Не істеу? "109" нөміріне телефон шалдық. Олар өтінішті қабылдады. Бірақ хабар жоқ. Үйде жүру мүмкін емес, балалар кішкентай, қайда бару керек?”, деп жазды Жанна есімді тұрғын. 

“Электрлі құрылғымен суды азайтпақ болдық. 109 нөміріне де хабарластық. Енді не істейміз. Көрші көшеде де осында жағдай”, – деді тағы бір тұрғын. 

Ал Атырау қаласының әкімдігі бұған қатысты түсініктеме берді. 

“Мұндай өтініштер болған жоқ (үйлерді су басып жатқаны туралы – автор ескертпесі). 109 нөміріне немесе облыс әкімдігіне хабарласуға болады”, - деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Атырауда 5 жасар қыздың бетінен ит тістеп алды

Талқылау