Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзінің алты баласы бар": Атырауда 7- сынып оқушысы такси жүргізушісін алымсақтық жасады деп айыптады

Атырауда 7-сынып оқушысы такси жүргізушісінің жеткізіп салу кезінде өзіне алымсақтық жасағаны туралы анасына айтқан. Анасы үстінен полицияға шағымданған 37 жастағы азамат тек әкелік мейірім ретінде ғана қыздың қолынан ұстап, бетінен сүйгенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы қала тұрғынының үстінен істі қалалық полиция "ұсақ бұзақылық" ретінде бағалап, сотқа жолдаған. Алайда сот қылмыстық іс-әрекет белгілерінің болмауына байланысты істі тоқтатқан. Енді полиция бұл істі қылмыстық кодекстің "көрнеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабымен қайта тергеуді бастады. Егер еркектің азғындық әрекеті дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Ал ер адам бұл әрекетін өз қызына қарағандай мейірімнен жасалғанын айтып ақталуда. Айта кетейік, ер адамның өзінің алты баласы бар екені анықталды. Ол бөтен біреудің көлігін жалға алып, такси жүргізу арқылы нәпақа табатынын айтты. 

“Қазіргі таңда 7-сынып оқушысына қатысты такси ішінде болған оқиғаға байланысты қылмыстық істің ҚК 124 І-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған жасөспірімге қатысты қазір сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сараптаманың қорытындысына байланысты және куәгерлердің, күдіктінің , жәбірленушілердің жауаптарына байланысты процесуалдық шешім шығарылатын болады”,- деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 18 Мамыр, 2023 14:15
Талқылау