Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен ит Пшөннің өліміне қатысты іс қысқартылды

пшон

Фото: pshon_2024 Tiktok

Атырау облысының полицейлері 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындарға көмектескен Пшөн есімді иттің өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Иттің өлімі 2024 жылдың желтоқсан айының басында белгілі болды. Тұрғындардың айтуынша, итті атып кеткен. Ветеринария департаменті Пшөнның "түсініксіз жағдайда" мерт болғанын айтты. Үш ит тұрғындарды үйлеріне кіргізбей жатқандықтан, мал дәрігері уақытша тыныштандыратын жебе атқандарын алға тартты. Жебе тиген Пшөн өзенге қарай жүгіріп, сол жерде өлді.

Полицейлер жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаса, прокуратура ветеринарлық станция қызметкерінің әрекетін зерделейтінін айтты.


Атырауда су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен ит Пшөнге ескерткіш қойылды


"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 23 қаңтарда қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылды", – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі қаулының заңдылығы мен негізділігін қадағалаушы прокурор тексеріп, істі қысқарту туралы қаулыны бекіткенін атап өтті.

Еске салайық, Атырау облысында су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен итті атып кеткені туралы хабарлаған едік. Үй жануарының иесі Зәмзәгүл итінің өткен бейсенбі, 28 қарашада атылғанын айтты. Пшөн туғаннан Атырау облысы Сарытоғай ауылында Зәмзәгүл апайдың отбасында өскен.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 12:10
Талқылау