Атырауда студенттерге арналған жатақхана құлап қалды

Фото: t.me/atyrauoill
Атырауда апатты деп танылған студенттерге арналған жатақхана ғимаратының бір бөлігі құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аймақтық коммуникациялар қызметі оқиға 22 сәуірде таңертең сағат 06:00 шамасында болғанын мәлімдеді.
"Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің № 2 жатақхана ғимаратының ортаңғы бөлігі құлады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
Студенттер даңғылы 29 мекен-жайында орналасқан ғимарат 1972 жылы салынған. 2022 жылдың қараша айында университеттің шаруашылық қызметі бірінші қабаттың қабырғасынан ақау тауып, бұл туралы тиісті органдарға хабарлаған.
Кейін Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасының мамандары техникалық тексеру жүргізіп, ғимаратты апатты және тұруға қауіпті деп таныды. 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап жатақханада ешкім тұрмаған.
"Қазір Атырау облысының құрылыс басқармасы университетпен бірлесіп екі апатты жатақхананы бұзуға және олардың орнында мың адамға арналған заманауи жаңасын салуға кірісті", – деді ведомство.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған