AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда шетелдік келіндер саны көбейген

Атырауда шеттен келген келіндердің саны көбейген. Қазір аймақта өзге мемлекеттің азаматтарына тұрмысқа шығатын қыздарға қарағанда, шет елдің қыздарына үйленетін жігіттердің саны артып келеді. Азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, ерлер көбіне көршілес Өзбекстан, Ресей, Қырғызстанның сұлуларын жар етеді екен. Ал бұрымдылар мұхит асып кетуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Той

Динара Әбілғазиева соңғы он жылдан бері жас жұбайларды салтанатты түрде некеге тіркейді. Жүздеген жұптың бақытына куә болған ол, соңғы кезде ағылшын тіліне сұраныс артқанын айтады. Аралас некеге көзі үйренген.   

"Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен қыз алып жатыр. Ал біздің қазақ қыздары Еуропа мемлекеттеріне тұрмысқа шығып жатқан тойларды өткізіп жүрдім. Ол тойлар көбіне үлкен тойлар болды. Ішінде қазақ салт дәстүрлері де сақталып жатты. "Шашу шашу", "қыз көрімдігін алу" деген сияқты. Басқа елдің қыздары біздің қазақ жігітінің фамилиясын алмайды", - дейді неке тіркеуші Динара Әбілғазина.

Жүзін жасырған 27 жастағы атыраулық жігіттің жары – Өзбекстан азаматшасы. Қаладағы ірі сауда орынында жұмыс істеп жүріп, болашақ жарымен танысыпты. Ата-анасы қарсы болмағанымен, біразға дейін жақындары үйренісе алмай жүрген.    

"Қазақтың қызы жетпей ме, қазақтың қызы бар ғой деп айтатын. Бірақ жүректің әмірі солай болды енді. Бір жылға таяу танысып жүріп, содан кейін отау құрдық. Қазір бір баламыз бар", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Мұрат.

Ресми мәлімет бойынша, атыраулық азаматтар соңғы кезде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан азаматтары арасынан жар етеді екен. Қазақ қыздары болса, аталған мемлекеттен бөлек АҚШ, Түркия мен Қытайға ұзатылып жатыр. Соңғы үш жылда 142 бұрымды өзге мемлекет азаматымен отау құрса, 188 атыраулық өмірлік серігі ретінде шетел қыздарын таңдаған. Мамандардың айтуынша, аралас некені тіркеу міндетті түрде оффлайн жүреді. Құжаттары жан-жақты тексеріледі деп отыр.     

"Қай елдің азаматшасы, ол кісіден сол елдің рұхсат қағазын алдырамыз. Ол кісі бұрын тұрмысқа тұрмаған болса, ол жерде егер тұрмыста болып, ажырасқан болса, ажырасқаны жөнінде неке бұзу құжаттарын сұратамыз. Құжаттары Қазақстанға жарамды екені жөнінде міндетті түрде мөр соғылу керек", - деді Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарлама және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Гүлшат Жұмағалиева.

Биылғы жылдың да статистикасы жаға ұстарлық. Өткен айдың ішінде 13 ару шетел асса, 16 жігіт өзге елден келін әкелген. Қоғам белсендісі бұл болашақ үшін алаңдатарлық жағдай дейді. Ол жастарды ұлт тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға шақырады. 

"Ол енді үлкен індет. Сәнге айналдырған жастардың санасына ой салуымыз керек деп ойлаймын.  Қазіргі жастық қызумен, сезіммен өзінің болашағын, ұрпағын бүлдіріп алмаса екен деп ойлаймыз. Сондықтан мен қарсымын", - дейді қоғам белсендісі Гүлсім Биташева. 

Аралас некенің көбеюіне шеттен келетін жұмысшылардың көптігі де әсер етіп отыр. Мамандардың пайымы осы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр