Атырауда полицей көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды
21 ақпан күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері бақылау камераларынан Атырау ықшамауданындағы көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, инспектор Гүлмира Таздарбаева дереу оқиға орнына жақын маңдағы "Батыс" патрульдік полициясының бригадасын жөнелтті. Полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомов пен тағы бір жас жігіт әйелді алып шықты. Бойжеткеннің 23 жаста екені анықталды.
“Біз тек уақытында құтқаруды ойладық. Қайғылы жайттың алдын алғанымызға қуаныштымын”, – дейді Мағзомов.
Ақтауда Ұлттық ұлан сарбазы өртеніп жатқан балабақшадан бүлдіршіндерді аман алып қалды
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді