Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды

Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаровқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев аурухана салып жатырған мердігер компаниядан 185 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Тимур Басаров бес жылын түрмеде өткізетін болады.

Айыпталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ. Сот Зарема Хамидуллина олардың тергеу изоляторындағы бір күні екі күн болып саналатынын айтты.



“Менің балам жазықсыз, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаментінің істеп отырғаны. Сұмдық! Масқара!” - деді Таубаевтың әкесі.

Олар жазаларын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өткізетін болады.

Талқылау