Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай қалған

Биыл Атырауда тасқын судың салдарынан маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Қала аумағында зиянкестерге қарсы улау жұмысын жүргізуді жергілікті әкімдік кеш бастаған. Әзірге демеушілердің ғана көмегіне жүгінген. Өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі әлі жарияланбаған. Биыл маса улауға 100 млн теңге қаржы бөлініпті. Бірақ конкурсқа қатысатын компаниялардың құжаттарынан қате кетіп, кейінге қалдырған. Осындай келеңсіздіктен қазір қала халқы масаға таланып отыр.


"Тасқынмен бірге енді топалаң келеді": Мәжіліс депутаты су кеткен соң қаптарды жинамаса экологиялық апат болуы мүмкін деді


Дегенмен жауаптылар "жаз басталса да, кеш қалмадық" дейді. Дезинфекция жұмыстары демеушілер көмегімен жасалып жатыр деп ақталып отыр. Әкімдік қаладағы 1233 көп қабатты тұрғын үйдің тек 200-ден астамының ғана жертөлесіне у шашып үлгерген.

“Ашық электронды конкурс жариялаған болатын. Бұл конкурстарды негізі ақпан айында жарияладық . Бірақ тендерге түскен мекемелердің біздің талаптарға құжаттары сәйкес келмеуіне себепті қайталама тендер жариялауға тура келді. Бірақ қазір қала әкімдігі тарапынан бұл мәселені шешу мақсатында демеушілік тарапынан осы маусым айынан бастап "AG" мекемемен жұмыс жүргізілуде”, – дейді Атырау ТКШ және тұрғын-үй инспекция бөлімі басшысының орынбасары Темірлан Әубәкіров.

Еске салсақ, бұған дейін де Атырау халқының қалада маса көбейгенін айтып шағымданғаны туралы жазған едік. 

Талқылау