AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қоғамдық көліктерде орнатылған "Ashyq" тұрғындарды әбігерге салды

Атырауда қоғамдық көліктерге түгелдей "Ashyq" қосымшасы орнатылып, тұрғындарды екі күннен бері әбігерге салып жатыр. Кей автобустар жолаушыларды ашықсыз да емін-еркін тасымалдаса, кейбірі қосымшасы жоқтарды тіпті мінгізбей қойған. Бұл жаңашылдық тұрғындардың наразылығын туғызуда. Ал жұрттың мәртебесін тексеру "мәжбүрлі емес" деген әкімдіктегілер, осылайша халықтың санасын өзгертпекші екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ашық

Атырауда  автобустарға орнатылған "Ashyq" қосымшасы тұрғындар арасында сынға ұшырады. Әкімдіктегілер алғашында қосымшадан "қызыл" және "сары" мәртебесі көрсетілген жолаушылар автобустан шығарылады деген. Кейін бұл райларынан қайтып, қолында смартфон мен "Ashyq" қосымшасы жоқ жолаушылар да автобусқа жіберіледі. Және тексеріс міндетті емес деп хабарлады. Тұрғындар әкімдіктің бұл әрекеті мүлде ақылға сыймайды деп наразы. 

Кей автобустарға ашықсыз-ақ адамдар емін-еркін мініп-түсіп жатыр. Кондуктордың да, жүргізушінің де QR-код арқылы кім өтіп, кім тіркелмей жатқанында шаруасы жоқ. Бірақ кей бағыттағы қоғамдық көліктерде тәртіп қатаң. Індеттің жұқтыру қаупін төмендетініне сенімді ме, әйтеуір ашығы жоқ жолаушыларды есіктен кіргізбей, ашуларын туғызуда. 

Ал әкімдіктегілердің сөзінше  бұл халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалған. Сонда да ешкімге міндет емес, тек "санасы бар" адамдар қолданады дейді.

“Ашық орнаттылғанмен мәжбүрлі емес. Қосымшасы жоқтар да өте алады. Адамдардың санасына байланысты ғой”, – дейді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Лугзана Байлауова. 

Әкімдіктегілердің айтуынша, болашақта да бұл жүйемен жол жүру ешкімге міндеттелмейді. Сондай-ақ қалалықтардың ашуын тудырған бұл бағдарламаға бір тиын да шығын шықпайтынын да жеткізді.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр