Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қыстыгүні нәрестені далаға тастап кеткен көкек ана жазаланды

Атырауда қыста аязды күні туған сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен көкек ана жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сәби

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Сотталушыға ҚР Қылмыстық Кодекстің 119-бабы, 2-бөлігімен (Көмексiз қалдырылған адамның денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан қауiптi жағдайда қалдыру) айып тағылды. Айыпталушы өзінің жасаған әрекетін толық мойындап, процесуалдық келісім жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін қатыгез ана туралы жазылған болатын. 21 жастағы атыраулық келіншек қақаған аязда сыртқа тастап кеткен. Шырылдаған баланың даусын естіген тұрғын полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Кінәлі әйел үш күннен соң ұтсалыпты. Ал дәрігерлер болса жүрек соғысы баяулап кеткен баланы аман алып қалыпты. 

 

 


 

Талқылау