"Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен": Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды
Фото: Видеодан скрин
Атырау облысында алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған ер адамның әйелдің соңынан еріп, терезесін бақылап, әдепсіз әрекеттер жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 19 қыркүйекте болған. Ер адам әйелдің ауласына кіріп, ішкиімсіз жүріп, терезеден қарап, үй иесін бақылаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Алғашында полиция оқиғаны ұсақ бұзақылық деп бағалап, әкімшілік сот құқық бұзушыға 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындаған. Алайда жәбірленуші қосымша дәлелдер ұсынғаннан кейін іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы (Сталкинг) бойынша қайта сараланды.
Әйелдің туысының айтуынша, бастапқыда істі қарағанда ер адамның жыныстық сипаттағы әрекеттері ескерілмеген. Ер адам өзінің жыныс мүшесін ұстап, ішкиімін шешіп, үй иесін бақылап тұрған. Сондай-ақ ол бұл оқиға жария болғаннан кейін өзге жәбірленушілер де дәл осы ер адамға қатысты шағымданғанын айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда сталкинг туралы бап 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Ол 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуды, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды, не 50 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады.
Атыраудағы іс ресми түрде "сталкинг" бабы бойынша қозғалғанымен, оқиғаның мәні бұдан кеңірек. Сталкинг – адамның соңынан қалмай қудалау, мазасын алу, қоңырау шалу, аңду, өзін күштеп байқатуы сияқты психологиялық қысым көрсету. Ал қудалау – әдепсіз, сексуалдық сипаттағы әрекеттермен байланысты.
Құрманғазы ауданындағы жағдайда осы екі құбылыс қатар кездескен. Ер адам әйелді аңдып қана қоймай, әдепсіз қылықтар жасаған. Сондықтан жаңа бап бойынша қозғалған алғашқы іс нақты әрі күрделі іске айналды.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
