Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы ұрып-cоққан
Видеодан скрин
Әлеуметтік желілерде Атырауда ер адамның балалар алаңында ойнап жүрген 9 жасар балаға себепсізден-себепсіз шабуыл жасап, соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.
Оқиға Алмагүл шағынауданында болғаны хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам баланы ұрып, оқиға орнынан ізін суытқан. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір күдіктінің тұлғасы мен орналасқан жері анықталып жатыр.
"Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп жатыр. Оқиғаның куәгерлері сұрақ-жауапқа алынды. 9 жасар жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген