Қазақстандық футболшы қайғылы жағдайда қаза тапты

"Жеңіс" футбол клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдай кеше Павлодар – Астана тас жолында болған. Футбол ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Жол апаты салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.
Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл – біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория ғажап ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", – деп жазылған клубтың хабарламасында.
Виктория 19 жаста еді. Ол қорғаушы ретінде ойнады және осы маусымда 17 матч өткізіп, оның 14-інде негізгі құрамда болды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге