Атырауда ер адам 8 жасар қызды өзімен алып кетпек болған
Видеодан скриншот
Желіде кішкентай қызды алып кетпек болған ер адамның видеосы тарады. Тұрғындар мұны байқап, лезде әрекет еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға кешке Атыраудағы Нұрсая Болашақ ықшамауданында болған. Белгісіз ер адам кішкентай қызды алып кетпек болған. Ары-бері өткендер араша түсіп, тәртіп сақшыларын шақырғанымен, күдікті қашып үлгерген.
“Мына ер адамды кішкентай қызды алып кетпек болған жерінен ұстап алдық. Сонда мамасы жоқ екен деп алып кету керек па? “Не үшін алып бара жатырсыз?” десек, “балаға нан беремін” деді. Баланы жұлып алып, үйіне қарай жібердім”, – деді әйел.
Куәгерлердің айтуынша, олар полицияны 30 минуттай күткен. Олар келмеген соң, қыздың анасымен тиісті полиция бөлімшесіне өздері барды.
"1987 жылы туған күдікті ұсталды. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Талқылау

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
Әлеуметтанушы: "Студентке салық салу – мемлекеттің жасап отырған үлкен қателігі"

"Қылмыстық істен айналып өтетін жолды тапқан": 50-ге жуық қазақстандық белгілі блогерден ақшаларын қайтара алмай жүр
Сөздерінше, блогер желілік бизнеске тіркеймін немесе түрлі бағдарлама бойынша грант жеңіп беремін деген желеумен ақша алған, сондай-ақ сатып алынған тауарларды бермей кеткен