Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда далада қалған сәбиді тауып алған зейнеткер: Алдымен екі қыздың күлкісі естілді, сосын бала жылады

Атыраудың қақ ортасында кәріз құбырының жанынан нәресте табылды. Таңғы алтыда көшеде жатқан сәбидің шырылдаған дауысын сол маңдағы зейнеткерлердің бірі естіген.

Атырауда далада қалған сәбиді тауып алған зейнеткер: Алдымен екі қыздың күлкісі естілді, сосын бала жылады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ай-күні жетіп туған баланың ата-анасы кім екені іздестіріліп жатыр. Ал ұл балаға зәру болып жүрген дәрігерлер оған Ұлдана деп ат қойып, өздерінің тегін беріпті.

"Кеше таңғы 6:40-та баламды жұмысқа шығарып салдым да терезенің алдында кереуетте жатқанмын. Бір-екі қыздың күлкісі естілді. Бір кезде қыздардың дауысы естілмей қалды да, сәбидің жылаған дауысы шықты", - деді қала тұрғыны Надежда Палий.

Таң қараңғысында терезенің тұсынан сәбидің шырқырыған үніне кейуана шыдай алмапты. 1976 жылдан бері осы жерде тұратын Надежда Палий бұл маңдағылардың бәрін таниды. Қорықпай бірден далаға шығып, баланың дауысы естілген жерге келіпті.  

"Басында баласын жұбатып жүрген әйел шығар деп ойладым. Сәбидің дауысы тоқтар емес. Шыдай алмай, мына жерге келдім. Шәліге  оралған түйіншек жатыр. Екі құбырдың ортаға тастап кетіпті. Әзер алып шықтым. Бірден жедел жәрдем, полиция шақырдым", - деді ол.

Ораулы жатқан сәбиді зейнеткер бірден үйіне әкелген. Полиция қызметкерлері мән-жайды тәптіштеп сұрап, куәгерді сұрақтың астына алыпты. Жедел жәрдем мамандары да шұғыл жетіп, нәрестенің жағдайын тексеріп, ауруханаға алып кеткен.

Қарау кезінде баланың денесі салқындап мұздаған. Жүрек соғысы қалыпты жағдайдан өте төмен. Тоқтауына шамалы уақыт қалған. Шұғыл түрде әкеліп, арнайы жерге орналастырып, көмек көрсетілді. Дене қызуы 32 градус болды.

"ҚР қылмыстық кодексінің 119 бабына сәйкес сәбиді қауіпті жағдайда, дәрменсіз күйде қалдыру сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді облыстық полиция.

Ай-күні жетіп туған қыз баланың ата-анасы қазір іздестіріліп жатыр. Денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ. Салмағы 3 кг, 340 гр, бойы 50 см. Қазақ ұлтына ұқсайды дейді. Айтпақшы, Атыраудағы дәрігерлердің бәрі бірдей баланы мұздатқышқа салатын қатыгез емес екен. Арасында жүрегі жұмсақ мамандарда бар. Ұл балаға зәру болып жүрген жансақтау бөлімінің меңгерушісі көшеден табылған сәбиге Ұлдана деп ат қойыпты.

"Кеше өзімнің туған күніме байланысты түскесін бөлімшедегі қызметкерлермен ақылдаса келіп, менің атыма фамилиясы берілді. Ғалымова. Өзімнің 4 қызым бар. Ұлым болмағасын, бесінші қызың деп әріптестерім әзілдеп, Ұлдана деп атын қойдым", - деді Ғалым Ембергенов.  

Талқылау
Пікір
Тусинбедим
04 Мау, 20 жыл - 12:39

Кишкентаи сабиди кыз баланы калаи асырап алуға болады екен маған кыз бала керек