Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бозбала өзенге батып кеткен 5 жасар баланы құтқарып қалды (видео)

2 қыркүйекте Атырау қаласында Орталық дене шынықтыру кешені маңында Жайық өзеніне бала құлап кеткен. Батып бара жатқан баланы сол маңнан өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Русаков

“2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласында Орталық дене шынықтыру кешені маңында Жайық өзеніне бала құлап кеткен. Батып бара жатқан баласын әкесі өзі құтқармақ болған”, –  делінген полиция дерегінде.

Кейін шағын қайықпен сол маңнан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала дереу көмекке келген.



Сонымен қоса көмек сұраған дауыстарды естіген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев және полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев оқиға орнына жеткен.

Кейін полицейлер оларды жағалауға шығарып, жедел жәрдем шақырған.

Талқылау