Атырауда боран салдарынан жедел жәрдем жұмысы қиындады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен
Атырауда қатты боран мен ауа райының күрт нашарлауына байланысты медициналық қызметтің жұмысында қиындықтар туындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала тұрғындары арнайы көліктердің қозғалысы қиындап, жедел жәрдем бригадаларының жету уақыты ұзарғанын айтып отыр.
"Жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты, әсіресе тас жол бойында орналасқан аудандарға шығу кезінде белгілі бір қиындықтар туындауда. Автожолдардың жекелеген учаскелерінің уақытша жабылуына байланысты шақыртуларға жету уақыты ұзаруы мүмкін", – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.
Сондай-ақ қатты жел салдарынан байланыс сапасы төмендеп, бұл жедел жәрдем бригадаларының жұмысын үйлестіруді одан әрі қиындатқан.
"14 желтоқсанда 157 шақырту тіркелді, бұл орташа статистикалық көрсеткіштен аспайды", – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
- Қазақстандықтар елде бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция жариялады
-
23 градусқа дейін суытады: Қазақстанда желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ведомство өкілдері туындаған қиындықтарға қарамастан, халыққа медициналық көмек үздіксіз көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда қолайсыз ауа райынан қасбеттер құлап, шатырлар ұшып, аудандар жарықсыз қалғаны туралы хабарлаған едік.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?