Атырауда боди-масажист кикілжің кезінде клиентін өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: pixabay.com
Атырауда 30 жастағы ер адамды өлтірді деген боди-массажистке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, оқиға жеке қабылдау кезінде туындаған жанжалдан соң, ер адамның өлімімен аяқталған.
Қайғылы жағдай клиенттерді қабылдайтын пәтерде болған. Кикілжің кезінде әйел ер адамға пышақ жарақатын салып, ол жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
“Күдікті полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. Іс материалдары сотқа жолданып, жақын уақытта сот процесі басталады”, – делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін боди-массаж салонын ашқан қазақстандық әйелдің 1,5 миллиард теңге мүлкі тәркіленгенін жазғанбыз.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"