Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда баланы ұрған тәрбиеші сотталды

Атырауда "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

 Атырау қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәрбиеші Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша "кәмелетке толмаған адамды азаптау" деген айып тағылды. Бұл бап төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көздейді. Сот әйелді қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот отырысында тәрбиеші кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап сотталушыдан бас бостандығынан айыруды сұрады.



"Заң бойынша жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде 4 жыл 8 айдан асыруға болмайды. Тергеуші жасаған айыптау актісінде ауырлататын жағдайлардың жоқтығы көрсетілген. Сот оларды өз бастамасы бойынша тануға құқылы емес. Сотталушыда жас балалардың болуы жеңілдететін жағдай деп танылды (бұл жағдай заңда көрсетілген).

Сот балаға қатысты жасалған қылмыстың ерекше арсыздығын ескеріп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны әділ деп санады",-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Үкім әлі заңды күшіне енбеді. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Еске салайық, өткен жылдың соңында әлеуметтік желіде атыраулық балабақшада түсірілген жұрттың жағасын ұстатарлық видео таралды. Бейнежазбада тәрбиешінің балабақшадағы бүлдіршінді аямай ұрып жатқаны байқалады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр