Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының мал дәрігерлері түйелердің не себептен жаппай қырылып жатқанын анықтай алмай отыр

Жылыой ауданында белгісіз жағдайда түйелер өліп жатыр. Шілде айының ішінде Ақкиізтоғай ауылынан 11 бас түйе өлсе, ал Құлсары қаласының "Жадырасын" ықшам ауданында 6 бас мал өлген. Жалпы саны 17-ге жеткен түйенің неден өліп жатқаны әлі толық анықталған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

түйе

"Өлген малдарда инфекция анықталған жоқ, жұқпалы емес. Аурудың белгілері клиникалық жасырын түрде өтуде. Кешке өрістен келген мал таңертең өліп жатады. Жайылыста да өлгендер болды. Мал өлімі  басталған кезде-ақ шөп, судың сынамалары алынып, Атырау облыстық зертханасына жіберілген болатын. Оның барлығы таза деп келді. Енді Құлсары қаласында қайталанғандықтан шөптен  қосымша тағы да  сынама тексеруге жіберілді. Енді соны күтіп отырмыз", - дейді Жылыой аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбет.

Талқылау