Атырау облысында жоғалып кеткен 11 адам табылды
Құтқарушылар Атырау облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен 11 адамды тапты.
Жолаушылар ауа райының қолайсыздығынан көлікпен діттеген жеріне жете алмай, адасып кеткен. Құтқарушылар жоғалған адамдарды сағат 14:50-де Жасқайрат ауылынан шамамен 85 шақырым жерден тапты. Ешкімнің зардап шекпегені, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмағаны белгілі болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарды Хамит Ерғалиев ауылына жеткізіп, туыстарына тапсырған.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, сондай-ақ АПБ 1 қызметкері жұмылдырылды.
Еске салайық, Атырау облысында 11 азаматтың жоғалғаны туралы хабарлаған едік.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ