Атырау облысында шегіртке қаптағаннан көліктердің жүруі қиындаған

Атырау облысы Қызылқоға ауданында шегіртке қаптап, тіпті көліктердің жүруін қиындатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар шегірткелердің көптігінен тұрғындар далаға шығудан қалған. Айтуларынша, әсіресе көлік жүргізушілеріне қиын. Жәндіктер көліктердің салқындату жүйесін зақымдап, қозғалтқыштың қуыс-қуысын бітеп тастаған.
Ал жауаптылар бұл зиянкестерге бөлінген қаржы толық игеріліп, қарсы күрес шаралары аяқталғанын айтады. Биыл облыстағы 75 мың гектарға жуық жерді дәл осы қанатты жәндіктен тазалауға 200 миллион теңге бөлінген. Жауаптылар шегіртке қаптаған Қызылқоға ауданының 38 мың гектар жерін де дәрілегенін жеткізді. Айтуларынша, енді шегірткемен күрес жүргізілмейді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан