AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында шамамен IX-XI ғасырға тиесілі балбал тас табылды

Атырау облысының Сағыз ауылы маңынан шамамен IX-XI ғасырға тиесілі балбал тас табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап. 

Тасқара қорғанынан қазып алынған археологиялық олжаның биіктігі 1 метр 20 см, ал ені 50 см. Оғыз-қыпшақ дәуірінен қалған деп болжанған дәл осындай жәдігер аймақ тарихында алғаш рет табылып отыр.

Ал Миялы елдімекені қойнауынан тағы бір құнды тарихи жәдігер табылды. Савромат-сармат дәуірінің қорымындағы үш қорғанның бірінен шар тәріздес алтын алқа шықты. Б.з.б VI ғасырдан сыр шертетін мұндай әшекейдің әзірге аймақта баламасы жоқ. Қабірдегі әйел адамның сүйегінің жанына қола айна мен қола біз, пышақ, қойдың жілігі мен қабырғасы қойылған. Өзге қорғандардан да қыш ыдыстар мен қола жебелер, тас қайрақ, өрнектелген сүйек, қабан тісінен жасалған бойтұмар табылды. 

“Зерттеуге негізінен үш қорған бекітілген. Үшеуі де қайта зерттеліп, өте жақсы жетістіктерге жеттік” ,- дейді “Астана” халықаралық университетінің PhD докторы Елдос Қариев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр