Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында мектеп директорларына қомақты айыппұл салынбақ

Атырау облысында 170-тен астам мектеп директорына қомақты айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Себебі білім ошағының басшылары мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу үшін оралдық бір компаниямен келісімге отырады,

Қызмет құны айына 5 мың, жылына 60 мың теңге. Алайда ішкі аудит департаменті тексеріс жасап аталмыш компанияның құжаттарынан шикілік тапқан. Мектеп басшылары ешқандай заңбұзушылық жоқ дейді.

Бәрі мемлекеттік сатып алу порталының заңдылықтары бойынша жасалған. Әр ауылдан келген директорлар бұған наразылық білдіріп, Ішкі аудит департаментіне барды. Ал ондағылар прокуратураның нұсқауымен тексеріс жүргіздік деп отыр. Тек бұған Атырау облысы прокуратурасының мүлде қатысы жоқ болып шықты. Дүрліккен директорлар енді сотқа шағымданбақшы.

“Бізді ішкі аудит бөліміне шақырып, осындай да осындай бір аптаның ішінде төлесеңдер, 150 мың, бір ай ішінде төлесең, 300 мың ақша айыппұл төлейсіңдер деді”, – дейді мектеп директоры Руслан Қанатов.

Талқылау