Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды
Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының 24 жастағы тұрғынының денесі табылды. Марқұмның мәйітін шопан тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтемемен.
20 қараша күні таңғы уақытта 1998 жылы туған жас жігіт үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алғашында азаматты іздеуге Төтенше жағдайлар департаменті мен полицияның ірі күші жұмылдырылып, кейіннен "ҚазАвиаСпас" АҚ тікұшағы қосылған, бірақ нәтиже болмағандықтан, біраз уақыттан соң іздеу жұмыстарының кезеңі қысқартылған еді.
- "Оны өлтірді, басқа күдігім жоқ": Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде полиция ұстаған азамат әлі табылмаған
- Бес күннен бері табылмай жатыр: Ақмола облысында 38 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті
16 желтоқсан күні жоғалған жігіттің денесін Қаракөлден 22 шақырым жердегі Өмірәлі қаласындағы бейіттердің арасынан қойларын далада іздеп жүрген шопан тауып алған.
Талқылау