Атырау облысында балықтардың не себепті қырылып қалғаны белгілі болды
Атырау облысында балықты қырылу себептері белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2 мамыр мен 9 мамыр аралығында Безымянное және Бақсай су қоймаларында 12 тоннаға жуық балық қырылып қалған.
Сарапшылардың пікірінше, балықтардың арасында індеттің тарауына судың аз болуы және аймақтағы су айдындарында оттегінің болмауы себеп болған.
"Балықтардың қырылуы - табиғи құбылыс. Алдыңғы жылдары мелиоративті аулаудың арқасында мұндай масштабтың алдын алған болатынбыз. Мүндай шаралар жыл сайын ұйымдастырылатын. Биыл уылдырық шашуға көптеген балықтар келген. Оттегінің жетіспеушілігі және судың аздығы олардың қырылып қалуына әсер еткен. Қазір жағдай тұрақталды", - дейді Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Әсел Ишанова.
Еске салсақ, Ақтөбе облысындағы тоған жағасынан 4 тонна өлі балық жиналғаны туралы айтқан болатын.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
