Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры ақша жымқырды деген күдікпен тұтқындалды

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры Шухрат Данбай аса көп мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен тұтқындалған. Алайда Атырау облысы экономикалық тергеулер департаментінде бұл туралы пікір білдірмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. 

Данбай

Шухрат Данбай кәсіпорынды 2019-2021 жылдары аралығында басқарған. Ал оған дейін Павлодар мұнай-химия зауытында директор қызметін атқарған. Қазір ол Атыраудағы уақытша қамау изоляторына қамауға алу үшін куәландырудан өтіп жатыр. Тергеуді Атырау облысы экономикалық тергеулер департаменті жүргізіп жатыр

"Ақ Жайық" басылымының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы елде дизель отынына қатысты дағдарыс орын алғанда энергетика министрі Қанат Бозымбаев Данбайды қатаң сынға алған. Анықталғандай, Данбайдың басқаруындағы Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын өндіруге қажетті сутек қондырғысы бірнеше апта бойы жұмыс істемеген. 

Даудың нәтижесінде құбырды дұрыс жалғамаған дәнекерлеуші кінәлі деп табылған. Ал Данбай өз еркімен директор лауазымынан кеткен. 

Талқылау