Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына орай мұнай-газ саласының 40-тан аса қызметкері марапатталды
Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына орай кәсіпорын тарихы мен оның одан әрі технологиялық дамуы жоспарларына арналған бірқатар салтанатты шаралар өтті. Зауытқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарушы директоры Бақытжан Таубаев және сала ардагерлері барды.
ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының өндіріс алаңында «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы алғашқы қондырғының падалануға берілгеніне 80 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы қондырғыда ұзақ жыл еңбек еткен зауыт ардагері Абдулла Бикбаев тақтаның ашылуы мұнай өңдеушілердің барлық буынына көрсетілген құрмет деді. Оның айтуынша, бұл символ бензиннің бірінші тамшысынан бастап елдің барлық мұнай өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жетістіктеріне дейінгі ерен еңбекті еске салады.
Сондай-ақ қонақтарға Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңартылған “Тарих және Еңбек Даңқы” музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Оның қоры сирек кездесетін мұрағат құжаттармен толықтырылған. Бұдан бөлек қонақтар жаңа аллеяға барып, ағаш отырғызды.
Абай орталығында зауыттың мерейтойы мен мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Саланың 40-тан астам еңбек сіңірген қызметкері ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның салалық және ведомстволық наградаларына ие болды.
Сонымен қатар, зауыттың Бас директоры Қуаныш Бишімов мәртебелі меймандарға мерекелік медаль мен "Даңқ жолы. Суреттер сөйлейді" кітабын табыстады.
Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына орай ардагерлермен кездесулер өтіп, «Даңқ жолы. Таспадағы тарих» атты деректі фильм және «Даңқ жолы. Суреттер сөйлейді» кітабы таныстырылды.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
