Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты Ресейге сатылады: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kmg.kz

Бұған дейін БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесі ресейлік "Татнефть" мұнай компаниясына сатылатыны туралы ақпарат тараған еді. Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Инвесторлардың қызығушылығы төмендеген: Қазақстанның мұнай қоры алдағы 10 жылда таусылмақ


"Біздегі ақпарат бойынша "Татнефть" компаниясының өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытымен өндірістік тәжірибе алмасу аясында байланысқан. Мұнай өңдеу саласындағы және басқа да компаниялар арасындағы тәжірибе алмасу өндіріс көрсеткіштерін жақсарту үшін стандартты және кең таралған процесс. Қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін сату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", – делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталғаны туралы жазған едік.

Талқылау