Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Атырау" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Фото: “Тұран” ФК

Қазақстандық маман Қуаныш Қабдолов ресми түрде "Атырау" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футбол клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 37 жастағы маман клуб жүйесіне жақсы таныс. 2009–2012 жылдары аралығында ол "Атырау" жастар командасында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген. 2013 жылы Қабдолов клубтың футбол орталығының жетекшісі болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионы атанды.

2014–2020 жылдары Қуаныш Кенжәліұлы "Атырау" негізгі командасының жаттықтырушылар құрамында болды және бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. Осы кезеңде команда екі рет — 2017 және 2019 жылдары — Қазақстан Кубогының финалына шықты.

2021–2022 жылдары ол Түркістандық "Тұран" клубының бас бапкеріне көмек көрсетті. Кейіннен команданы өзі басқарды. Өткен маусымда Қабдолов "Каспий" клубының бас бапкері ретінде Бірінші лигада қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қуаныш Қабдолов бұл қызметте Константин Горовенконы алмастырды.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 20:18
Талқылау