Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда қаза болған баланың анасы мәлімдеме жасады (видео)

Баласы "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызбен лагерьге кетіп бара жатқан жолда қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Анасы Тамара Цаплинаның видеомәлімдемесі қоғам белсендісі Сандуғаш Кукенованың Facebook парақшасында жарияланды.

7 тамыз күні "Атырау-Астрахань" теміржол бағыты бойынша "Қазақстан геологы" санаториясына (Железноводск) демалуға шыққан Святослав Цаплиннің нақты неден қаза болғаны айтылды. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балалардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. "Нарын" станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын айтқан еді. 

Анасының айтуынша, 13 жасында қайтыс болған Святослав Цаплиннің туа бітті сырқаты бар екен. 

"Көпшілігі баламды тамақтан уланып көз жұмды деп жатыр. Алайда олай емес. Ұлымның туа бітті сырқаты бар болатын. Бала кезінен тамырлары өте әлсіз болғандықтан, өздігінен жарылып кеткен. Көмек көрсетіп, қолдау білдіріп жатқан облыс, қала басшылығына ризамын! Бұл жағдай кез-келген адамның басында болуы мүмкін. Баламның өмірден ерте кеткені өкінішті", – деді жасөспірімнің анасы Тамара Цаплина.

Айта кетейік, №625 "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмған еді. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге шыққан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау - Астрахань бағытында пойыздағы баланың өлімі фактісі бойынша арнайы комиссия құрылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау