AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аты-жөнін жасырмақ болған": Павлодарда мас күйінде көлік айдаған шенеунік қамауға алынды

Павлодарда  мас күйінде көлік жүргізген  облыстық мәслихаттың депутаты 15 күнге қамалды. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқан кезде одан бірден ішімдік исі шыққанын айтады. Алайда, халықтың қалаулысы медициналық тексеруден бас тартыпты. Тіпті, полицейлерге қарсылық танытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

"Toyota camry" маркалы "темір тұлпарды" тізгіндеген шенеуніктің өзімен бірге ешқандай құжаты да болмапты. Ал кейін көліктің техникалық байқаудан өтпегені, сақтандыру жасалмағаны да анықталды. Жазадан құтылмақ болған шенді аты-жөнін жасырып, басқа есім айтқан. Десе де, депутаттың бұл қулығы іске аспады.

"Аталған тұлғаға полиция талабын орындамау, көлік құралын сақтандырмау,  "темір тұлпарды" құжатсыз басқару және көлікті техникалық байқаудан өткізбеу сынды 4 баппен хаттама толтырылды. Осы заң бұзушылық аясында оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жүгенсіз жүргізушінің ісі сотқа жолданды.  Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

"Сотта ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Десе де, сот оның өркескел заң бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамап, көлік жүргізу құқынан 8 жылға айыру туралы шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деді Павлодар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Марданов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр