Атышулы Қуат Хамитов октагонға оралады
Фото:Ашық дереккөзден
Қазақстандық ММА жұлдызы, Қуат Хамитов Дубайда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуат "Найман" Хамитов кезекті жекпе-жегін шетелде өткізеді. Ол 23 қазанда Дубайда (БАӘ) өтетін ACA 194 турнирі аясында ресейлік файтер Анатолий Бойкомен күш сынасады.
“Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов (29-8-2) vs. Анатолий Бойко (12-4)", - деп жазды Қуат Хамитов өзіңің instagram парақшасында.
Айта кету керек, алғашында жекпе-жек 14 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған еді, бірақ қазақстандық спортшы жарақат алып, кездесу кейінге қалдырылған. Қуат Хамитов соңғы рет 2024 жылы қыркүйек айында Нұрбек Шәріповты кәсіпқой бокс ережелерімен жұдырықтасып, жеңген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

