Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атажұрт" қозғалысының көшбасшысы Серікжан Біләш қамаудан босатылды

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында «Атажұрт» қозғалысының көшбасшысы Серікжан Біләштің ісі қаралды. Ол ұлтаралық алауыздыққа үндеді деп айыпталған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: Facebook/Lyudmyla Kozlovska

Бұл туралы ақпарат Біләштің қорғаушысы Айман Омарованың Facebook желісіндегі парақшасында пайда болды. 

Сот шешімі бойынша, Серікжан Біләш қамаудан босатылып, оған 110 мың теңге көлемінде айыппұл жазасы кесілді. Бұл соманың жартысы өтініш берушілерге жұмсалады.

Естеріңізге сала кетсек, Қытайдағы қазақтардың мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.  2019 жылы 29 шілдеде Нұр-Сұлтан соты «Атажұрт» қоғамдық ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ісін Алматы сотының қарауына беру туралы шешім шығарды. Белсендіні үйқамақта ұстау шарасы өзгеріссіз қалды. Ал Біләштің жақтастары өз кезегінде белсендіге бостандық беріп, оны қудалауды тоқтауды талап етті.  

30 шілде күні БҰҰ-ға Серікжан Біләштің ісі туралы петиция жолданды. 

Талқылау