Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атасы немересін қауіпті жыланнан құтқару үшін өзін құрбан етті

Аустралияда ер адам немересін құтқарып қалу үшін, әлемдегі ең улы жыландардың біріне өзін шақтырды.

Атасы немересін қауіпті жыланнан құтқару үшін өзін құрбан етті

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Аустралиядағы Бандаберг қаласының тұрғыны Крис Харрисон үйінің ауласында немересімен жүргенде, торлы қоңыр жыланды байқаған. Оның әйелі қызды көтеріп алып үлгерген. Ал ер адам қыз бен жыланның ортасында қалады.

«Мен немеремнен үлкенмін. Сондықтан ауруды көтере аламын. Ал ол көтере алмас еді», – дейді ер адам.

Жылан Харрисонның аяғын шағып алған. Оның сөзінше, ол аяғының қатты ауырғанын сезіпті. Мұнан кейін ер адам үйіне кіріп, жедел жәрдемді күткен. Дәрігерлер оған инъекция жасап, ауруханаға жеткізген.

Харрисонның айтуынша, соңғы бірнеше ай ішінде оны екі рет жылан шаққан.

2017 жылдың қараша айында дәл сол жерде ер адамды жылан шағып алыпты.

«Мұндай жағдай үшінші рет орын алса, сәтсіз болуы мүмкін. Сондықтан аулада ешқандай жұмыс жасамаймын», – дейді ол.

Айта кетсек, торлы қоңыр жылан улылығы бойынша құрлықта мекендейтін жыландар арасында екінші орынға ие.

Оқи отырыңыз:

Лотерея билетіне үйлену тойының күнін жазған әйел миллиардтаған ақша ұтып алды

Дене бітімі мінсіз модель керемет пішінді ұстап тұру үшін неден аулақ болу керектігін айтты (фото)

Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)

Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді

Талқылау