Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаевтың өмір бойына қамалатынын түсіну үшін заңгер болу қажет емес — құқық қорғаушы

Кісі өлтіру мен өзге де ауыр айып тағылып отырған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Атамбаев

«Осыншама айып тағылып отырған кезде Атамбаевтың өмір бойына сотталатынын түсіну үшін заңгер болудың қажеті жоқ», - деді құқық қорғаушы Рита Карасартова. 

Оның айтуынша, ол әзірге Атамбаевқа тағылған жаңа айыптауларға қатысты нақты баға бере алмайды. Себебі, олардың растығын тергеу мен сот дәлелдеуі тиіс. 

«Алайда қазір біз билік пен ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің не істеп жатқанын көріп отырмыз. Телеарналар жабылып, адамдарды жай ғана Қой-Таш ауылында тұрғаны үшін ұстап әкетіп жатыр. Және мұның барлығын Атамбаев президент болып тұрған кезде бастаған. Ол қазір өз саясатының «жемісін» жеп отыр», - деді ол. 

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев Алмазбек Атамбаевтың әйелдер мен қарияларға жанында болуы үшін ақша төлегенін айтты. 

«Мен ашық түрде оның мемлекеттік төңкеріске дайындалғанын мәлімдеймін. Ол келмейтінін айтқан кезде «Альфа» арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым», - деді ол. 

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Атамбаевтың үйі зерттелгенін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, қақтығыстан кейін Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілді. Бұдан кейін қырғызстандықтар орталық алаңда митингіге шықты. Желіде оларды милиционерлердің қалай таратқаны туралы видео тарады.  

Талқылау