Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаевты берілуге үгіттеген шенеунік "сатқындық" үшін қызметінен қуылды

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі ведомство басшысы орынбасары Курсан Асановтың неліктен қызметінен қуылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Атамбаев

Сурет: news-front.info

ІІМ 7-8 тамыз күндері Алмазбек Атамбаевты қолға түсіру кезінде болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп, Курсан Асановтың көптеген заңбұзушылыққа жол бергенін анықтады. 

Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша, қырғыз милициясы мүддесіне сатқындық жасап, оған деген сенім жоғалғаннан кейін ІІМ орынбасары Курсан Асанов қызметінен босатылды. Курсан Асанов Алмазбек Атамбаевты құқық қорғау органдарына берілуге үгіттеген. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық пен кісі өлтірді деген айып тағылып, 26 тамызға дейін қамауға алынғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Атамбаевтың ұлы ашық сұхбат берген болатын. 

Талқылау