Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аталанта ма, Байер ме": Айдын Қожахмет алдағы тартысты ойынға болжам жасады

Аталанта-Байер-дің алдағы матчын жанкүйерлер асыға күтуде. "Аталанта" финалды соңына дейін мойынсұнбай өткізе ме, әлде "Байер" маусымды бірде-бір жеңіліссіз аяқтай ма? Осы екі сауал көпшілікті толғандыруда.

23 мамыр, 00:00

Еуропа лигасы, финал

"Авива" (Дублин, Ирландия)

"Аталанта"

Гасперинидің кезінде "Аталанта" Италиядағы моданың көшбасшыларының бірі болғанымен ешқандай олжаның иегері атанбады.

Сеяд Колашинац пен Мартин Де Рон сияқты қорғаныстағы ойыншылары болмаса, оларға одан да қиынға соғар еді. Алайда екеуі де жарақатына байланысты осы жолы алаңға шыға алмайды. Жартылай қорғаушы Эрик Холмның ойынға қатысуы да күмән туғызуда. 

"Аталантаның" соңғы 5 матчы (4-0-1, 9-2)

А сериясы. Лечче – Аталанта 0:2;

Италия кубогы. Аталанта – Ювентус 0:1;

А сериясы. Аталанта – Рома 2:1

Еуропа лигасы. Аталанта - Марсель 3:0

А сериясы. Салернитана - Аталанта 1:2

"Байер"

Хаби Алонсо мен "Байерге" командасын әндетпесек те болады. Себебі олар туралы айтылып, жазылып жатқан дүниелер жетерлік. Мақтау-мадақтың  өте көп. Дегенмен олар соған лайықты екендерін дәлелдеуде. Олардың 50 матчта жеңіске жетуі керемет оқиға. Енді тарихта аңыз болып қалу үшін соңғы жекпе-жекте жеңіске жетсе болғаны.

Хаби Алонсоның Гаспериниден айырмашылығы ол өз ойыншыларын алмастыратын адам іздеп бас қатырмайды. Себебі құрамадағы кез келген футболшы алаңда шеберлік көрсетуге дайын.

"Байердің" соңғы 5 матчы (4-1-0, 16-4)

Бундеслига. Байер - Аугсбург 2:1

Бундеслига. Бохум - Байер 0:5

Еуропа лигасы. Байер - Рома 2:2

Бундеслига. Айнтрахт - Байер 1:5

Еуропа лигасы. Рома - Байер 0:2

Жеке кездесулер тарихы 

Екі команда 2 жыл бұрын ойын алаңында кездесіп, екі матчта да "Аталанта" жеңімпаз атанған болатын. 

Мачтқа болжам 

"Леверкузеннің ертегісі Дублинде бақытты аяқталатынына сенемін”, – деді Айдын Қожахмет. Ал П2-ге Parimatch-тағы достары 1.84 коэффициентін ұсынып отыр екен.

Талқылау