Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен болар жекпе-жек алдында көз түйістіру рәсімін жасады
Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полды көз түйістіру рәсімінде шапалақпен салып жіберді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы "AT&T" аренасында өтуі керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектің уақыты 16 қарашаға ауыстырылды. Қос спортшы бұл жолы да АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 2 минуттан, 8 раундқа жоспарланған. Шетелдік БАҚ құралдарының мәліметіне сәйкес, “Темір” Тайсон бұл жекпе-жек үшін 20 млн АҚШ долларын иеленсе, Джейк Пол одан екі есе көп алады.
Айта кетейік, Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған

