Атақты футболшы Криштиану Роналду АҚШ-тағы Ақ үйде президент Трамппен кездесті

Фото:NDTV
АҚШ-тағы Ақ үйдің төрінде Криштиану Роналду Дональд Трамптың отбасымен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы кездесу Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның бастамасымен ұйымдастырылды.
Ресми сапар аясында Ақ үйде өткен салтанатты кеште әлемдік элитаның ықпалды өкілдері бас қосты.
ESPN мәліметі бойынша, Роналду Трамптың отбасымен танысты. Белгілі болғандай, 19 жастағы Бэррон Трамп Криштиану Роналдумен жүздескеніне ерекше қуанған.
"Бэррон мен Криштиану танысты. Қазір ол әкесін бұрынғыдан да қатты құрметтейтін шығар. Өйткені мен оларды бір-бірімен жолықтырдым", – деді АҚШ президенті.
Бұл бас қосуда Португалия құрамасы мен "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Роналду барлық назарды өзіне аударды. Сонымен қатар ол АҚШ президенті мен Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің ресми кездесуінен кейін өткен бейресми отырысқа да арнайы мейман ретінде шақырту алды.
Сонымен қатар кешке ФИФА президенті Джанни Инфантино, Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос, Tesla және SpaceX жетекшісі Илон Маск, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Қаржы министрі Скотт Бессент және Пентагон басшысы Пит Хегсей қатысқан.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр

