Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты "Челси" футбол клубының Қазақстанның қай қаласында ойын өткізетіні белігілі болды

Қазақстандық "Астана" футбол клубының Англияның "Челсиіне" қарсы конференц-лигадағы ойыны Алматыда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Getty Images

Конференц-лиганың негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімінен кейін әйгілі лондондық клуб Қазақстанда "Астанаға" қарсы ойын өткізетіні белгілі болған еді. “Челси” клубының баспасөз қызметі ойынның Қазақстанның қай қаласында өтетінін хабарлады. 

"УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіндегі "Астанаға" қарсы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтетін болып бекітілді. 30 000 орындық Астана Арена стадионының жаңартылуы "Астана" клубы биылғы маусымда өз алаңындағы матчтарын басқа жерде өткізетінін хабарлады. Олар Алматыдағы Орталық стадионда "Милсами", "Корвинул" және "Бранн" командаларымен конференц-лиганың іріктеу матчтарын өткізді. Дәл осы стадионда "Астана" 12 желтоқсан күні "Челсиді" қабылдайды", – делінген Челсидің баспасөз қызметінің хабарламасында. 


"Бір орында екі адамнан отырды": Алматыда өткен футбол ойнында бір топ билеті бар адамды стадионға кіргізбей қойған (видео)


Айта кетейік, “Астана” футбол клубы алдағы ойындардың өтетін жеріне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған. УЕФА ресми сайтында кездесулер өтетін орын ретінде Алматыдағы Орталық стадион көрсетілген.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы Орталық стадионында футболдан Қазақстан мен Норвегия арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған еді. 

Талқылау