Ата-анасы қызын ешқандай ота жасатпай-ақ Барби қуыршағы образында өсірген (фото)
26 жастағы мәскеулік модель Анжелика Кенованы ата-анасы қуыршақ образында өсіріп келеді. Қыздары бойжеткеніне қарамастан ата-анасы әлі күнге дейін өз қарауында ұстайды.
Барби қуыршағынан айнымайтын Анжелика ешқандай пластикалық ота жасатпағанын айтады.
Анжелика осы күнге дейін ешбір жігітпен көңіл қосып, қыз-жігіт болып кездеспеген. Ол кездесулерге тек анасымен бірге барады екен.
Ата-анасы қыздарының атақты модель болғанын қалайды.
«Мен қуыршақ секілді өмір сүрем. Киімімді де анам таңдап береді. Ол мені бала кезімнен бастап Барби секілді киіндіріп келеді», – дейді Анжелика.
«Мен бойжеткенде ата-анам маған жеке бапкер жалдап, жаттығу бағдарламасын бекітіп қойды. Аптасына бес күн бойы 2-3 сағат уақытымды жаттығу залында өткізем», – дейді қуыршақ қыз.
Анжелика өзінің келбетіне көңілі толатынын айтады. Алайда, еркін өмір сүрудің ешқашан кеш болмайтынын айтып, әйтеуір бір күні өзі қалағандай өмір сүргісі келетінін меңзейді.
Жіберіп алмаңыз:
350 пластикалық ота жасатқан Барби мен Кен бір үйде тұрады
Британдық қыз барби қуыршағына ұқсау үшін 14 мың доллар жұмсаған (фото)
Сал болып қалған бойжеткен Барбиге ұқсау үшін $14 мың жұмсаған